"Пандемия көптеген құбылыстарды жеделдетті"

634

Көпті толғандырған әлемдік саясатқа қатысты сауалдарға "Жаһандық саясаттағы Ресей" басылымының бас редакторы Федор Лукьянов тікелей эфирде жауап берді.  

"Пандемия көптеген құбылыстарды жеделдетті"

"Пандемия әлемнің даму бағытын өзгерткен жоқ. Ол тек көптеген құбылыстарды жеделдетті. Ендігі басты мақсат әскери қақтығыстарды болдырмай, державалар арасында тепе-теңдікті сақтап қалу. Қазір біз Қытай мен АҚШ-тың қақтығысына куә болып отырмыз. Бұл барлық көрші елдер мен Орта Азия мемлекеттеріне сақ болу керек деген сөз. Ірі державалардың қақтығысынан да тыс қала алмаймыз. Алайда дұрыс позиция таңдау арқылы, өз мүддемізді қорғап қала аламыз", – деді "Жаһандық саясаттағы Ресей" басылымының бас редакторы.

Сонымен қатар ол пандемияның ТМД мемлекеттеріне әсері туралы сөз қозғады.

"Қазіргі кезде ТМД мемлекеттері тұрақтылығын сақтап, қандай жағдайға қарамастан дами алатынын көрсету үшін барын салып отыр. Бұл дағдарыстан шығу елдің демократиялық авторитарлық және өзге де режиміне байланысты емес екенін көрсетті. Демек пандемия салдарынан болған бұл дағдарыс мемлекет пен сол елде өмір сүретін халықтың бір бірімен үйлестімділігінің арқасында еңсеріледі",– деді Федор Лукьянов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу