Пандемия қор нарығын құлдыратып жіберді

1161

Сәрсенбі күні АҚШ-тағы қор саудасы тағы да төмен көрсеткіштерге ие болды. 

Пандемия қор нарығын құлдыратып жіберді

Бұл туралы Euronews басылымы хабарлады. Бұған пандемия деп танылған COVID-19 эпидемиясы әсер етіп отыр. 

Нью-Йорктағы қор биржасында америкалық Dow Jones өндірісті индексі 5,86%-ға қысқарды. Бұл бір ай бұрын тіркелген ең төменгі көрсеткіштен 20%-ға аз. Nasdaq 4,7%-ға төмендеді. Әсіресе круиз бен туристік қызмет ұсынатын компаниялардың акциялары арзандап кетті. 

Еуропалық қор нарығындағы жағдай да көңіл көншітіп отырған жоқ. Кәрі құрлықта жаңа коронавирус әлі де кең етек жаяды деген ақпарат жарияланғаннан кейін, негізгі индекстер түсіп кетті. 

Британиялық FTSE 100 1,52%-ын, Францияның CAC 40 индексі 0,57%-ын, Германияның DAX индексі 0,37%-ын жоғалтты. 

Ал Милан қор биржасындағы сауда соңғы екі аптада алғаш рет оң көрсеткіштерге ие болды. FTSE MIB негізгі индексі сәрсенбіде 0,33%-ға өсіп, 18000 пунктке дейін жетті. 
Еске сала кетсек, бұған дейін Англия Банкі пайыздық мөлшерлемені 50 пунктке қысқартып, 0,25% деңгейінде қалдырған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу