Пандемия онлайн сауданы күшейтті

905

Электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады.

Пандемия онлайн сауданы күшейтті

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирус пандемиясы онлайн сауданың көрігін қыздырғанын мәлімдеді. 

"Қазіргі уақытта көптеген адам онлайн сатып алудың тиімділігі мен ыңғайлы екенін түсініп, оны үйреніп жатыр. Әлбетте, бұл үрдіс одан әрі жалғасады. Халықаралық есепке сәйкес, тұтынушылардың 40% тауарды брендтің сенімділігіне қарай таңдайды", – деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің мәлімдеуінше, "COVID-19 пандемиясы онлайн сауданың айтарлықтай өсуіне алып келді. 

"B2C арналары бойынша сатуды арттырды. B2C арналары бойынша сатудың артуы әсіресе дәрі-дәрмекті, тұрмыстық заттарды және азық-түлік өнімдерін онлайн сатуда байқалады. Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді. Салық жеңілдігін алу үшін табыс салығын төлеуден босатылған 601 интернет-дүкен тіркелген. "Қазпошта" АҚ мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 1 жартыжылдықта электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады. Бұл бөлшек сауданың жалпы көлемінің 9,4%. Осы жылдың соңына дейін 900 млрд теңге өсім болжанып отыр. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш бөлшек сауданың жалпы көлемінің шамамен 13% құрай отырып, 1,9 трлн теңгеге жетеді", – деді Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу