Пандемия онлайн жұмыстың оңы мен солын танытып берді

808

"Самұрық-Қазына" өкілі пандемиядан қандай сабақ алғандарын айтты. 

Пандемия онлайн жұмыстың оңы мен солын танытып берді

Коронавируспен байланысты шектеулер "Самұрық-Қазына" қорының өндіріс пен бизнесті басқару стиліне өзгерістер енгізген. Қордың активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиев дұрыс ұйымдастыра білсе, онлайн жұмыстың офлайн жұмыстан ешбір кем емес екенін айтады.

"Бизнес-процесті дұрыс ұйымдастыра білсе, онлайн жұмыс істеу дәл офлайн жұмыстай тиімді екеніне көз жеткіздік. Әкімшілік шығындарды азайту сияқты жағымды жақтары да болғанын үнемі айтып жүрміз. Бірақ қашықтан жұмыс істеудің қатерлері де бар. Байланыс құралдары тиімді жұмыс істеп, интернет трафикті көп шығындау керек. Қазір жаңа технологияларды пайдаланып, түпкілікті цифрлық трансформацияға көшу қажеттігі туындап отыр. Осыған байланысты жұмыс пен бизнес-процесті ұйымдастырудың болашағы туралы мәселе туындауда. Цифрландыру өндірісте ғана емес, басқарудың корпоративтік процестеріне де дендеп енуге тиіс", – деді Алмасадам Сатқалиев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу