Пандемия салдарынан елорда бюджетіне 16 миллиард теңге түспеген

1012

Қала басшысы қала бюджетіне нақты қанша теңге түспегенін әлі есептеліп жатқанын атап өтті. 

Пандемия салдарынан елорда бюджетіне 16 миллиард теңге түспеген

Елорда әкімі Алтай Көлгінов коронавирус салдарынан қала бюджетіне шамамен 16 млрд теңге түспегенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол COVID-19 пандемиясы кезеңінде қала бюджетіне өзгеріс енгізуге мәжбүр болғанын ашық айтты.

"Мен 43 млрд теңге оңтайландырылғанын айтқан едім. Бұл қаржы әлеуметтік, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге жұмсалатын болды. Қала бюджетіне 60 млрд теңге түспейтін шығар деп болжам жасаған едік. Қазіргі мәліметке сәйкес бюджетке шамамен 16 млрд теңге түскен жоқ. Себебі, пандемия кезінде көптеген кәсіпорын уақытша жұмысын тоқтатты", – деді қала әкімі халыққа есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдармен бірігіп жүргізген жұмыстың нәтижесінде жергілікті бюджетке түскен түсім 25 пайызға өскен. Алайда Алтай Көлгінов бұл бағытта әлі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Пандемия салдарынан туындаған жағымсыз әсер әлі сақталуы мүмкін.
Оны біз жоққа шығармаймыз. Сондықтан әлі (қала бюджетіне қанша теңге түспегенін – автор) есеп жүргізіп жатырмыз",  – деп түйіндеді сөзін елорда әкімі.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу