Пандемия салдарынан Қазақстан тауар жеткізетін елдер саны 70 мемлекетке азайған

936

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша Қазақстан тауарлары экспортқа шығарылатын мемлекеттердің саны 190-нан 119-ға азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Пандемия салдарынан Қазақстан тауар жеткізетін елдер саны 70 мемлекетке азайған

"Коронавирус дағдарысынан туындаған экономикалық және әлеуметтік күйзеліс бүкіл әлемдегі саудаға әсер етті. Оның ішінде қазақстандық өнім экспортына айтарлықтай ықпал етті. Дағдарыс Қазақстанның экспорттық географиясына да ықпал еткенін атап өту керек. 2020 жылы соңғы 3 жылда өз өнімдерімізді жеткізіп жүрген елдердің санын 190-нан 119-ға дейін қысқарды. Бұл қосылған құн тізбегінің өзгеруіне, үшінші елдердің арасындағы санкциялық текетірестерге, сауда серіктестердің тауарларды тасымалдаудағы карантиндік шектеулеріне байланысты тіркеліп отыр. Әйтсе де бізге Багам аралдары, Камерун, Судан, Босния мен Герцеговина, Сальвадор, Никарагуа, Кайман аралдары, Гайана сынды жаңа нарықтар ашылды", - деді Бақыт Сұлтанов Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысында.

Министрдің айтуынша карантиндік шектеулер мен жеткізу тізбегінің бұзылуы ауыл шаруашылығы тауарлары саудасына қатты әсер ете қоймаған. Әлем елдердің базалық азық-түліктерді көптеп сатып алуына байланысты Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 18,1 пайызға арттырған. Бірақ локдаун уақытында азық-түлік емес тауарларына деген сұраныс 20 пайызға төмендеп кеткен.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу