Пандемия туризм саласындағы сақтандыруды құлдыратты

702

Көшпелі туризм саласында қызмет көрсетілген келушілер саны бірінші жартыжылдықта 2,5 есе азайған. 

Пандемия туризм саласындағы сақтандыруды құлдыратты

Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сегментіндегі сыйақылардың көлемі бір жыл ішінде төрт есе төмендеген.

Пандемия және шекаралардың жабылуының кесірінен туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сегментінде жиналған сыйлықақылар көлемі 2020 жылдың қаңтар және тамыз айларында 437,1 млн теңгеге жетті. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 4 есе төмен.  

Төлемдер көлемі, керісінше, бір жылда 2 есе артып, 347 млн теңге болды. Ал олардың міндетті сақтандыру секторындағы үлесі 0,7%-дан 1,6%-ға дейін өсті.

Пандемия мен соған байланысты жарияланған карантин кезеңінде туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сыйлықақы түсімдері көлемінің қысқаруы заңды нәрсе: шекаралардың жабылуына байланысты көшпелі туризм саласында қызмет көрсетілген келушілер саны бірінші жартыжылдықта шамамен 2 млн болды, бұл былтырғыға қарағанда 2,5 есе аз. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу