Пандемия уақытында дәрі-дәрмек, тұрмыстық химия мен құрылыс материалдары қымбаттады

1195

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша биыл негізінен азық-түлік емес тауарлардың бағасы көтеріліпті, деп хабарлайды Atameken Business.

Пандемия уақытында дәрі-дәрмек, тұрмыстық химия мен құрылыс материалдары қымбаттады

Мәселен, фармацевтикада корвалол 28 пайызға, йод ерітіндісі 29,1 пайызға қымбаттаған. Қарапайым мақтаның құны 20 пайызға артыпты. Тұрмыстық тауарлардың арасында кір сабын 10 пайызға қымбаттады. Құрылыс тауарларының арасында цементтің бағасы 5,5 пайызға өскен. Сондай-ақ биыл елімізде алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар 8,5 пайызға қымбаттағаны белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу