Пандемия vs экономика

893

Өзін өзі жұмыспен қамтып отырған әлеуметтік жәрдемақы алу ол үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тиіс.

Пандемия vs экономика

Өзін өзі жұмыспен қамтып отырған әрбір азамат әлеуметтік жәрдемақы алуына болады. Тек ол үшін өздерін жеке кәсіпкер ретінде тіркеулері тиіс. Бұл туралы фейсбук әлеуметтік парақшасында "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. 

Төраға карантин басталған 12 күнде, бизнесмендер тарапынан 12 мыңнан астам өтініштер мен шағымдар келіп түскенін мәлімдеді.  Оның басым бөлігі жалға алу, жалға беру мәселелері.

Қазіргі таңда мемлекет  кәсіпкерлерден жал құнын алмайды. Ал өзара кәсіпкерлер арасындағы байланыста жалға беру құнын барынша төмендету қарастырылып жатыр.  

Абылай Мырзахметов банк жеңілдіктеріне де тоқталып өтті.  Оның айтуынша бизнеске жасалған кей жәрдемнің  пунктері әлі де түсініксіз екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу