Пандемияда 506 млрд теңгені игердік – Абай Сарқұлов

906

Оның айтуынша, ақшаны кәсіпкерлер қиын кезеңде уақытында алған.

Пандемияда 506 млрд теңгені игердік – Абай Сарқұлов Фото: tengrinews.kz

Коронавирус пандемиясы кезінде 506 млрд теңгені игердік. Бұл туралы "Қазақстан Даму Банкі" АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Басқарма төрағасы банк саласы, кредит беру маңызды жұмыс екенін жеткізді.

"Мұндағы басты мәселе – уақыт ақша, яғни клиентке мәселені тез, сапалы шешіп бергенімізде. Сондай-ақ ол шешімге клиент қанағаттануы керек. Сондықтан біз үшін "уақыт ақша" мәселесін шешу маңызды. Бір жобаны 1,5-2  жыл қарастырмай, оны жеделдету қажет болды...", – деді Абай Сарқұлов елордада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы "Цифрлық трансформация" банкаралық бірлестігі конференциясында.

Сондай-ақ ол өткен жылы банк ақша игергеніне тоқталды.

"Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша бізге 480 млрд теңгені игеру міндеті жүктелді. Өткен жылы коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде, логдаун, жүріп-тұрудың қиын болғанына қарамастан 506 млрд теңгені игердік. Осылайша, бизнеске ақшаны уақытында, сапалы жеткізілді. Өндірісті іске қостық. Нәтижесінде клиенттерге ақшаны уақытында бердік...", –деді басқарма төрағасы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу