Пандемияда кәсіпкерлерді жаппай тексермейміз – МКК

756

Коронавирус пандемиясы кезінде кәсіпкерлерді жаппай тексермейміз. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Пандемияда кәсіпкерлерді жаппай тексермейміз – МКК

Оның айтуынша, биыл тұрғындардан шамамен 19 мың өтініш түскен.

"Олар тауар сатып алған кезде чек берілмейтінін айтады. Осындай мәселе бар. Осыны да бақылауға алуымыз керек. Әрине, біз пандемия кезінде кәсіпкерлерді жаппай тексеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Біз салада сараптама жүргізу үшін цифрландыру құралдарын пайдаланамыз. Бұл заң талабын сақтамай жүргендерді анықтауға мүмкіндік береді. Осы бағытта жұмыс жүргіземіз", - деді Жайдар Іңкәрбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу