Пандемияда Ресей Қазақстанның стратегиялық одақтасы екенін көрсетті – Мемлекет басшысы

632

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге коронавирус пандемиясы кезінде көмектескені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Пандемияда Ресей Қазақстанның стратегиялық одақтасы екенін көрсетті – Мемлекет басшысы

"Пандемияның салдары қазір де сезіліп жатыр. Форумды бейнеконференция режимінде өткізудеміз. Владимир Владимирович, эпидемияның таралу кезеңінде елге көмектескеніңіз үшін алғыс айтамын. Ресей дәрі-дәрмектерді тегін жеткізіп, тест жүйелерін ұсынды, қазақстандықтарды эвакуациялауға көмектесті. Бірнеше апта бойы ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен жағдай күрделі аймақтарда еңбек етіп, кәсіби борышын абыроймен атқарып, тәжірибесі және білімімен бөлісті", – деді Президент Көкшетауда өткен Қазақстан мен Ресей XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияда Қарағанды фармацевтикалық кешенінде ресейлік "Спутник V" вакцинасының өндірісі іске қосылғанын атап өтті.

"Мұның бәрі Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі, одақтасы екенін дәлелдеді", – деді Мемлекет басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу