Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пандемиядан кейін тауар мен қызмет көрсету бағасы жаппай көтерілгенін айтады. Себебі локдаун кезінде сұраныс қалыптасқан, соның орынын толтыру және бұзылған логистикалық, өндірістік тізбектерді қалпына келтіру керек болды.
"2021 жылы республикалық бюджетті атқару пандемияның келеңсіз әсерлері жағдайында жүзеге асырылды. Дегенмен 2020 жылмен салыстырғанда іскерлік белсенділіктің жандануы байқалды", – дейді министр.
Келтірген мәліметке қарағанда, жалпы ішкі өнімнің өсімі 4% болды.
Негізгі факторлар: қызмет көрсету секторындағы өсудің жеделдеуі; экспорт қарқыны есебінен сауда балансының нығаюы; инвестициялық белсенділіктің артуы.
"Экономиканың барлық негізгі салаларында оң нәтижеге қол жеткізілді", – деп сендіреді Жамаубаев.
Тасқын Болатұлы