Пандемиядан зардап шеккен еуропалықтар денсаулық сақтау жүйесін күшейтуге кірісті

827

Еуропалық комиссия 7 жылға арналған денсаулық сақтау жобасын мақұлдап, оның бюджетіне 9 млрд 4 млн еуро қаржы аударатын болды.  

Пандемиядан зардап шеккен еуропалықтар денсаулық сақтау жүйесін күшейтуге кірісті

Пандемиядан зәрезап болған еуропалықтар денсаулық сақтау жүйесін күшейтуге кірісті, деп хабарлайды Atameken Business.  

Енді блокқа мүше елдер денсаулық сақтау секторындағы инновацияларға баса мән береді. Трансшекаралық қауіпсіздікті күшейтеді. Және ең бастысы, осы аймақ тұрғындары үшін дәрі-дәрмек бағасын қолжетімді етеді. Жақында Еурокомиссия одақты дағдарыстан шығару үшін 750 млрд еуро қарастырған еді. Оның басым бөлігі субвенция, яғни жергілікті  билік органдарына ақшалай жәрдемақы ретінде берілсе, қалғаны займ үшін бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу