Пандемияға қарамастан Алматының экономикалық көрсеткіштері өскен

787

Өнеркәсіп саласы 4,6%-ға өссе, құрылыс жұмыстарының көлемі 10,6%-ға ұлғайып, байланыс қызметтерінің көлемі 8,2%-ға артты.

Пандемияға қарамастан Алматының экономикалық көрсеткіштері өскен

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Мысалы, өнеркәсіп саласы 4,6%-ға өсті, құрылыс жұмыстарының көлемі 10,6%-ға ұлғайды, тұрғын үйді пайдалануға беру 14,2%-ға, байланыс қызметтерінің көлемі 8,2%-ға артты. Осылайша біз жағымсыз болжамдардың орындалуына жол бермедік және іс жүзінде барлық экономикалық көрсеткіштерді арттырдық. Саудадағы, тасымалдаудағы және қоймаларда сақтаудағы көрсеткіштердің төмендеуін экономиканың басқа салаларындағы өсіммен өтелуіне қол жеткіздік. Сонымен қатар, жаңа болашағы зор секторларды – цифрландыру мен смарт-индустрияны, креативті экономика мен туризмді дамытуға серпін бере алдық", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар өткен жылы Алматыда 2,4 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 17,2%-ға өсіп, 971,2 млрд теңгеге жетті. Шаһар басшысының дерегінше мегаполисте 76,3 мың жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша – 46,3 мың орын. 

"Биыл 50 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінбек. 28 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам оңалтумен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі", - деді Алматы әкімі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу