Пандемияға қарамастан Жаңа жылды шетелде қарсы алғысы келгендер көп

1107

Тайланд қазақстандық туристер үшін шекарасын ашты. Алайда аталған елге демалуға келгендерге 16 күндік карантинде оқшаулануға тура келеді. Бұл жергілікті халықты қауіпті дерттен қорғау мақсатында қолға алынған сақтық шарасы.

 Пандемияға қарамастан Жаңа жылды шетелде қарсы алғысы келгендер көп

Айта кету кетек, Тайланд коронавируспен күресте үздік нәтиже көрсеткен көшбасшы мемлекеттердің қатарында. Дегенмен, сала мамандары отандастарымыздың көбі жаңа жылды қарсы алу үшін Мысырға ұшып жатқандарын айтады. Соңғы аптада ғана перғауындар еліне екі жарым мыңға жуық турист аттаныпты. Мысыр ауа райы жағынан да, бағасы бойынша да қолайлы демалыс. Орта есеппен жан басына 500 мың теңгенің айналасында.

Қазақстандықтардың қызығушылығы бойынша екінші орында Біріккен Араб Әмірліктері болса, үздік үштікті Мальдив аралдары түйіндейді. Бір қызығы, туристік компаниялар Түркияға баратын саяхатшылар саны азайғанын байқаған. Мұның себебін мамандар мереке қарсаңында тур бағасы қымбаттап кететінімен түсіндіреді. Ал туристердің дені жолдаманы 3-4 ай бұрын арзан бағамен алып қояды екен. Толығырақ Atameken Business-те: 


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу