Пандемиямен күреске 191,9 млрд теңге бөлінді – вице-министр

809

Бұл қаражат нақты мақсатқа бағытталады.

Пандемиямен күреске 191,9 млрд теңге бөлінді – вице-министр

Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов елде COVID-19 эпидемиясымен күреске бюджеттен қанша қаржы жұмсалғанын мәлім етті.

"Бүгінгі күнге дейін пандемиясымен күреске республикалық бюджеттен 191,9 млрд теңге жұмсалды. Оның 125 млрд теңгесі бюджетті нақтылау шеңберінде, ал 66,9 млрд теңге Үкімет резервінен бөлінді. Бұл қаражат нақты мақсатқа бағытталады. Мемлекеттік сатып алу сәтінен бастап, соңғы сатып алушының қолына тауар жеткенше бақылауда болады. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханалар қызметті қалай көрсетіп жатқанына бақылау жүргізеді", – деді Берік Шолпанқұлов. 

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу