Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов карантин салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге үш бағытта қолдау көрсетіліп жатқанын атап айтты.
"Бірінші, жергілікті кәсіпорындардың жүктемесін арттыру. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие беру және кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Пандемияның да оң әсері бар екенін байқадық. Карантин шектеулері салдарынан импорттың азаюы – ішкі резервтердің әлеуетін дамытуға мүмкіндік берді. Біз құрылыс саласы, жеңіл өнеркәсіп, металл және ағаш өңдеуді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді барынша арттырдық. Соның нәтижесінде 10 ай ішінде олардың жүктемесі 75%-ды құрады. Бұдан бөлек ірі кәсіпорындардың сатып алуында жергілікті өнімдердің құрамын артыру тұрақты түрде жүргізіліп отырады", – деді облыс әкімі.
Әбілқайыр Сқақовтың мәліметінше, жыл басынан бері өңірде шағын және орта бизнеске 75 млрд теңгеден астам несие берілген.
Нұржан Көшкін
Фото: visitkazakhstan.kz