"Пандора құжаттамасы": Эквадор президентіне қатысты тергеу жүргізіледі

674

Тергеу қорытындысын комиссия жариялайды.

"Пандора құжаттамасы": Эквадор президентіне қатысты тергеу жүргізіледі Фото: reuters.com

Эквадор парламенті халықаралық журналистік тергеу консорциумының (ICIJ) "Пандора құжаттамасы" жарияланғаннан кейін, ел Президенті Гильермо Лассоға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті басылымдарға сілтеме жасап.  

"Ұлттық Ассамблеяның пленумы конституциялық құқықтар жөніндегі арнайы тұрақты комиссияға "Пандора құжаттамасы" деп аталатын іс бойынша тергеу жүргізуді тапсыру туралы шешім қабылдады. Президент Гильермо Лассоның салықтық панаға ақша жіберуге байланысты іске қатысы бар-жоғын анықтау үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынуы керек", – деп жазылған парламенттің мәлімдемесінде. 

Тергеу қорытындысын комиссия жариялайды. 

Еске сала кетсек, 3 қазанда тергеуші журналистердің халықаралық консорциумы 100-ден астам миллиардердің, 35 әлемдік көшбасшының және 400 мемлекеттік шенеуніктің оффшорлық мәмілелері жазылған "Пандора құжаттамасын" жариялады. 117 елдің 600-ден астам журналисі осы құжаттағы 11,9 миллионнан астам файлды талдаған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу