"Пандора құжаттамасына" қатысты зерттеу жұмысы жүргізіледі – Байден

853

117 елдің 600-ден астам журналисі осы құжаттағы 11,9 миллионнан астам файлды талдаған.

"Пандора құжаттамасына" қатысты зерттеу жұмысы жүргізіледі – Байден Фото: reuters.com

АҚШ Президенті Джо Байден Вашингтонның әлемдік көшбасшыларға тиесілі оффшорлық активтер туралы "Пандора құжаттамасын" зерттейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Біз қазір бұл құжатты зерттеп жатырмыз", – деді Ақ үй басшысы.

Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки Президент Джо Байден "Пандора құжаттамасындағы" АҚШ ең үлкен салық баспанасы деген мәлімдемемен келіскенін жариялады. Сонымен қатар Мемлекеттік департаменттің өкілі Нед Прайс Вашингтон құжатты тексеріп жатқанын, бірақ әзірге журналистік тергеудің қорытындысы туралы мәлімдеме жасай алмайтынын айтты.

3 қазанда тергеуші журналистердің халықаралық консорциумы 100-ден астам миллиардердің, 35 әлемдік көшбасшының және 400 мемлекеттік шенеуніктің оффшорлық мәмілелері жазылған "Пандора құжаттамасын" жариялады. 117 елдің 600-ден астам журналисі осы құжаттағы 11,9 миллионнан астам файлды талдаған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу