Тек қайта өңделген алтын мен күмісті пайдалануды жөн көрген әлемдегі ең ірі Pandora зергерлік компаниясы өзінің алғашқы жасыл облигациясын сатты, деп жазады inbusiness.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Бағалы қағаздарды шығару шарттары тұрақтылықтың үш мақсатын көздейді, олардың алғашқы екеуі ауаны ластайтын шығындыларды азайтуға бағытталған, ал үшіншісі компанияның 2025 жылға қарай тек қайта өңделген алтын мен күмісті пайдалануға көшуін көздейді.
Pandora зергерлік бұйымдардың тұрақты өндірісіне көшу жоспарын алғаш рет 2020 жылдың маусымында жариялады.
"Бірнеше ғасырлар бұрын өндірілген металдар жаңа металдардан кем түспейді", — деді компания басшысы Александр Лачик.
Pandora өкілі жаңа әдіс зергерлік бұйымдардың бағасы мен сапасына әсер етпейтінін және айтарлықтай қосымша шығындарға әкелмейтінін айтты.
Bloomberg дереккөзінің айтуынша, жасыл облигацияны сатудан түскен табыс жалпы корпоративтік мақсаттарда пайдаланылады.