Панеуропалық қор биржасында "АрселорМиттал" акциялары құлдырай бастады

Бұған еліміздің компаниямен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату ықпал етті. 

Панеуропалық қор биржасында "АрселорМиттал" акциялары құлдырай бастады Фото: Дзен

Дүйсенбі күнгі сауданың ашылуында Euronext жалпыеуропалық қор биржасында

"АрселорМиттал" металлургиялық компаниясының акциялары 5%-дан астамға арзандады.

Осылайша, жұма күнгі сауданың жабылуында (27 қазан) ArcelorMittal акциялары бір акцияға 21,07 еуроны құрады.

Дүйсенбіде, сауда-саттықтың ашылуында компания акциялары 20,17 еуроға дейін арзандады және 52 минуттан кейін 19,912 еуроға дейін төмендеп, соңғы 52 аптадағы ең төменгі деңгейін жаңартты.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түні АМТ-ға қарасты Костенко шахтасындағы жарылыс салдарынан 46 кенші қаза тапты. Мемлекет басшысы "АрселорМиттал Теміртау" - ел тарихындағы ең нашар компания болды, деп мәлімдеді. Президент компаниямен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма беріп, тиісті шара қабылданатынын жеткізді.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ халықаралық ArcelorMittal болат концернінің бөлігі болып табылады және Қазақстандағы 15 көмір кеніші мен темір рудасына иелік етеді. Болат зауытының нысандарында төтенше жағдайлар, соның ішінде адам өлімі бір емес, бірнеше рет орын алған.

Атап айтқанда, 2023 жылдың 17 тамызында "Казахстанская" көмір кенішінде конвейер лентасы өртеніп кеткен ірі апат болды. Бұл кезде шахтада 227 адам болған, оның 222-сі эвакуацияланып, бесеуі қайтыс болған. "Казахстанская" кенішіндегі өрт әлі сөнген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу