Жетісу облысында теміржол өткелінде Mercedes-Benz көлігі жүк пойызымен соқтығысты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Облыстық ПД мәліметінше, жол апаты Панфилов ауданындағы Алтынкөл – Нұркент тас жолында болған. Теміржол өткелінде шетелдік көлік жүк пойызының вагонымен соқтығысқан.
Mercedes көлігінің 32 жастағы жүргізушісі жол апатынан зардап шегіп, полицияға жеткізілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу