"Папа, Ханторыны құтқар": Жылқысы суға кеткен балаға кәсіпкерлер ат мінгізді

1676

Әлеуметтік желіде кішкентай бүлдіршіннің әкесіне жылқысы "Ханторыны құтқар!" деп жалынған сөзі тарап кеткен еді. 

"Папа, Ханторыны құтқар": Жылқысы суға кеткен балаға кәсіпкерлер ат мінгізді Фото: бейнеден скриншот

Бейнежазбада баланың атасы көзіне жас алып, бәйгеде шабатын ат екенін, немересіне тиесілі екенін айтады. Көп ұзамай, кәсіпкерлер әкесі мен баласын арнайы шақырып, тосын сый жасап, ат мінгізді.

Бұл игі іске "Бәрекелді!", "Нағыз азамат", "Шүкір, осындай азаматтар барына", "Қазаққа жаны ашитын қазақ қана", "Болатын баланың бетін қақпа, белін бу деген осындайдан шыққан шығар" деп, оқырман қауым жылы лебізін білдіріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу