Папиллома вирусы: екпе келесі жылы басталады

531

Келер жылы 9 жастан 12 жасқа дейінгі жасөспірім қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы иммундау шарасы басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz.     

Папиллома вирусы: екпе келесі жылы басталады Фото: WomanAdvice.ru

Вакцинация екпе егу кестесіне қосылды. Бұл шара жатыр мойыны обырының алдын алуға сеп болмақ. Себебі, дәл осы вирус салдарынан онкологиялық ауру туындайды екен. Сондықтан да әлемнің 140 елі вакциналауды қолға алған. Бұл мемлекеттерде аурушаңдық 60%-ға төмендеген. Адам папилломасы вирусына қарсы екпе тек ата-ананың келісімімен ғана жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, алғашқы кезеңде 11 жастағы 100 мың қыз балаға екпе салу жоспарланған.

Әзірге қай елдің вакцинасы қолданылатыны нақтыланған жоқ. Жалпы, елде жылына 2 мыңдай әйел жатыр мойыны обырына шалдығады. Оның 600-ге жуығы қайтыс болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу