Папуа-Жаңа Гвинеяда 7 баллдық жер сілкінісі 4 тұрғынның өмірін қиды

548

300-ден астам тұрғын үй қирады.

Папуа-Жаңа Гвинеяда 7 баллдық жер сілкінісі 4 тұрғынның өмірін қиды Фото: cdn.ren.tv

Бір күн бұрын Папуа-Жаңа Гвинеяда болған 7 балдық жер сілкінісі салдарынан 4 адам қаза тапты, 300-ден астам ғимарат қирады, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. 

Зілзаланың ошағы елдің солтүстігіндегі Чамбри көлінің жанындағы жерде деп танылды. Post-Courier газеті жергілікті билікке сілтеме жасай отырып, жер сілкінісі 23 ауылға зиян келтіріп, кем дегенде 17 адам жарақат алғанын хабарлады.

Порт-Морсби геофизикалық обсерваториясының өкілі Мэттью Мохов жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардың алыс орналасуына әрі байланыс желілерінде туындаған қиындықтарға байланысты залалдың көлемін бағалау үшін бірнеше күн қажет болуы мүмкін екенін айтты.

Бір күн бұрын АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) 7 баллдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:00 шамасында тіркелгенін хабарлады. Ошақ 62 шақырым тереңдікте жатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу