Атап айтқанда, @yyedilov каналы сыбайлас жемқорлықпен күресушілер шенеуніктің үстінен парамен ұсталды деген күдікпен қылмыстық іс қозғағаны туралы мәліметті жарияласа, @chinovnik_kz телеграм каналы да осы тектес ақпарат таратып, қазіргі таңда шенеуніктің денсаулығына байланысты еңбек демалысына шыққанын көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Мейіржан Мырзалиевтің қазіргі таңда жұмыс орнында емес екенін Түркістан облысы әкімдігі растады. Олардың мәліметінше, шенеунік ресми түрде еңбек демалысында, "гипертониялық криз" диагнозымен облыстық ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр екен.
Жансая Тәуекелқызы