Пара алған Абай облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды

217

Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды. 

Пара алған Абай облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды Фото: reuters

8 тамызда Семей қаласының №2 соты Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г.Дөненбаеваға, осы басқарманың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р.Садықовқа және Семей қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А.Нұрахметоваға қатысты үкімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", — деп жазды Антикордан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу