Пара алған полиция қызметкерлері ұстатпай кетті

1270

Қазіргі уақытта жасырынған үш полиция қызметкері іздестіріліп жатыр.

Пара алған полиция қызметкерлері ұстатпай кетті

Алматы облысында пара алды деген күдікпен полицейлер іздестірілуде, деп хабарлайды мемлекеттік қызметтер істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметі бойынша, Панфилов ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі басшысы, жергілікті полиция қызметінің басшысы, сондай-ақ патрульдік полицияның екі сержанты жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге көлемінде пара алған. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталған .

"Күдіктілерді ұстау барасында патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің шұғыл-оператиті тобына қарсы 3 рет оқ атқан. Осының нәтижесінде үш қызметкер қылмыс болған жерден жасырынып үлгерген", – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта жасырынған адамдар іздестірілуде

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу