Пара алған шенеунік 30 млн теңге айыппұл төлеп жазадан құтылып кетуі мүмкін

1288

Маңғыстауда пара алған шенеунік 30 млн теңге айыппұл төлеп құтылмақ, деп хабарлайды Atameken Business.  

Пара алған шенеунік 30 млн теңге айыппұл төлеп жазадан құтылып кетуі мүмкін

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мердігер компания директорынан 1 миллион теңге көлемінде ақша алған. ЗКТ. Бұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеу барысында анықтады. Аталған қаражат күдіктіге орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қоюы үшін берілген екен. Шенеунік кінәсін толық мойындады. Оған қатысты тергеу жұмыстары да аяқталған. Айта кетейік, бір жыл бұрын Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылының тұрғындары жолдардағы жаңа асфальтты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан болатын. Олар тасжолдағы жаңа жабындыны қолмен оңай бөліп алуға болатынын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу