Пара алған түрме басшысының өзі темір тордың арғы жағына тоғытылатын болды

Ол бас бостандығынан айырылды. 

Пара алған түрме басшысының өзі темір тордың арғы жағына тоғытылатын болды Фото: aikyn.kz

Павлодардағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің басшысы былтыр сотталғандардан пара алып, істі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Алдымен түзету мекемесінің басшысы өткен жылдың қаңтар айында сотталушылардың бірінен кеңсе креслосын алған. Араға бір ай салып жазасын өтеп жатқан басқа азаматтардан 3 млн теңге көлемінде пара талап еткен. 

Павлодар қалалық №2 сотының хабарлауынша, түрменің бұрынғы басшысы кінәсін толық мойындап, оған қатаң жаза қолданбауды сұраған. Сот оның кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласы барын ескеріп, үш жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды. 
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу