"Масқара": Әкімдік әлем чемпионына бокал сыйлаған

530

Одан да ештеңе бермегені дұрыс еді. 

"Масқара": Әкімдік әлем чемпионына бокал сыйлаған Фото: instagram.com/jarma_audanynyn_akimdigi/

Пара-армрестлингтен әлем чемпионы Зарина Примакқа Жарма ауданының шенеуніктері "бокалдар жиынтығын" сыйға тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аудан әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекұлы мен Шар қаласының "Жастар ресурс орталығының" директоры Рауан Кәкімжанұлы спортшыны арнайы құттықтап барған, алайда шенеуніктер табыстаған сыйлық оқырман қауымның ашуын туғызды.

"Одан да ештеңе бермегені дұрыс еді", "Әлем чемпионына бокал сыйлаған ба? Сөзім жоқ", "Әкімдікке мына сыйлығы үшін "алғыс айтып тұрғаны" түрінен-ақ көрініп тұр", "Спорт министрлігі қайда қарап отыр? Әкім дені дұрыс демеуші таба алмағаны ма?", "Масқара, өздерінің мәз болып тұрғанын қарашы", - деп жазған көпшілік.

Бірақ көп ұзамай Жарма ауданы әкімдігінің парақшасынан бұл жазба өшіріліп, басқа жазбаларға да пікір қалдыру мүмкін болмай қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу