Парацетамол тапшылығы жойылады – ДСМ

1149

Дәрілердің сапасын тексеру мерзімі 20 күннен 3 күнге дейін қысқарады.  

Парацетамол тапшылығы жойылады – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев маусым айында парацетамол дәрісі көп мөлшерде сатып алынғанын мәлім етті.

"Өткен жылдың алғашқы алты айында елге 6,8 млн қаптамада парацитомол әкелінсе, биыл жарты жылда  9,5 млн парацитомол келді. Бұл ретте пандмия мен карантин шаралары салдарынан жеткізу кезінде қиындық болғанын айта кету керек. Дегенмен қазір маусым айында ғана көп мөлшерде осы дәріні алдық. Жақын күндері парацитомол тапшылығы жойылады", – деп сендірді ДСМ өкілі.

Арнұр Нұртаевтің сөзінше, Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы елге келетін дәрілердің әр топтамасының сапасын тексеру мерзімін 20 күннен 3 күнге дейін қысқарту туралы бұйрық алғандықтан, бұдан былай дәрі-дәрмекті сертификаттау мен саудаға шығару жылдамдам болмақ.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу