"Параға итермелемеңдер": Депутат жемқорлықпен қарсы күресті полициядан бастау керегін айтты

385

Жаңбыршин бұл заң қажет екен деген пікірде.

"Параға итермелемеңдер": Депутат жемқорлықпен қарсы күресті полициядан бастау керегін айтты Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті құқық қорғау органдарының жұмысынан бастауды ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Пленарлы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Жаңбыршин бұл заң қажет екенін баса айтты.

"Айтылып жатқан дүниенің барлығы жемқорлықпен күреске бағытталған. Меніңше, ең әуелі жемқорлықпен байланысты жұмысты құқық қорғау органдары өздерінен бастауы керек. Ең бірінші өздеріңді тазалап алыңдар. Өздерің жұмыс істеңдер, параға итермелемеңдер. Сол кезде барлығы жақсы болады", – деді депутат. 

Түзетулерде жемқорлықпен қарсы күресте халықаралық тәжірибе басшылыққа алынғаны айтылды. Мәжілісмен заң жобасында ел халқының психологиясы ескерілуі керек деген пікірде. 

"Еуропалық стандартты енгізерде халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін, психологиясын зерттедіңіздер ме? Біз унитарлық мемлекет болсақ та, өңірлердің де өз ерекшеліктері бар",  деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов жемқорлыққа қатысты көп мәселе көтеріліп жатқанын жеткізді. 

"Мен де осы елдің азаматымын. Салт-дәстүрді сыйлаймын. Егер де қандай да бір мәселелер болса, біз оны тексереміз. Біз өзімізден бастап, заңға өзгеріс енгізбесек, ешқандай мәселе шықпайды", – деді Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу