Парақор полицейлерге қатысты сот отырысы өтіп жатыр

714

Парақор полицейлерге қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Ақтөбеде Ресей азаматынан пара алған екі полиция қызметкеріне қатысты сот отырысы басталды. Олар 15 мың теңге пара алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін №2 Ақтөбе қалалық соты полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Іс материалдарына сүйенсек, өткен жылы қыркүйек айында екі полиция қызметкері алдын ала келісіп, ақылдасып, Ресей азаматынан 15 мың теңге пара алған. "Қылмыстық кодекстің "Пара алу" бабы бойынша екі полиция қызметкері сот алдында жауап беріп жатыр. Олар алдын ала сөз байласып, пара алған",- деді облыстық соттың баспасөз қызметкері Илиада Досова.

Сот ашық өтіп жатыр. Бірақ полиция қызметкерлерінің қорғаушылары тілшілерді залға кіргізуден бас тартты. Пара алған тәртіп сақшылары тергеу кезінде өз істерін мойындағанымен, сот алдында барлық жауаптан бас тартып отыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу