Парақор шенеунік ұсталды

953

Парақор шенеунік ұсталды

Рудный қаласы әкімінің орынбасары 15 млн теңге парамен ұсталды, деп хабарлады жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі ұлттық бюро.

Бюроның Қостанай облысы бойынша қызметкерлері Рудный қаласы әкімінің орынбасары М. Досболовты ұстады. Ол "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында құбыр желісін салмақ болған "Өркен" ЖШС мердігерлік компаниясының директоры Мүсірәлиевті жұмыс кезінде қанатының астына алу үшін одан 15 млн теңге пара алған.

Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу