Жыл ауысқан сайын, ол да түлеп, түрленіп, жаңарып жатыр. Әркім өз қызметін "бәрі қымбаттап жатыр ғой" деген емеурін танытып, жоғары бағалайды. Беретіндер де бар, параны ұялмай алатындар да бар. "Бармақ басты көз қысты", кілең.
Одан бөлек, қазына қаржысына беті шіміркпестен қол сұғатындар жетіп артылады. Осы ретте оларға қатысты заң да күшейтілуде. Тіпті, қоғам белсенділері әккі араны кең тұлғалардың қолын кесіп, қажет болса атып тастау керек деп те ұсынды.
Бірақ бұл бастама қолдау таппады. Десек те, жұмыстар жүргізіліп жатыр. бірақ неге нәтижесі көрінбейді? Бұл қашанғы жалғасады?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу