Паралимпиада чемпионын тонағандар ұсталды

907

Паралимпиада чемпионын тонағандар ұсталды

Паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллинаның пәтерін тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.

Габидуллина 2017 жылы 29 сәуірде полицияға арыз берген. Белгісіз біреулер оның пәтеріне кіріп, бағалы заттары мен ақшалай қаражатын ұрлап кеткен, келтірілген материалдық шығын сомасы 1,35 миллион теңгені құрайды. Аталмыш дерек ҚР ҚК 188-бабы бойынша аса ірі көлемдегі тонаушылық ретінде сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.  Сотқа дейінгі тергеу барысында, Жамбыл облысы полицейлері жедел іздеу шараларын жүргізіп, ұрыны ұстады.

Күдіктіге қарсы айыптау актісімен бірге қылмыстық іс 2017жылы 31 шілдеде сотқа жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу