Паралимпиада чемпионының алтын жүлделері ұрланды

1138

Паралимпиада чемпионының алтын жүлделері ұрланды

Паралимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы, ұлыбританиялық велосипедші Кэрол Куктің қос алтын медалін Мельбурнде біреулер ұрлап кетіпті, деп хабарлайды Baq.kz.

26 қазанда The Guardian басылымы таратқан мәліметтерге сәйкес, 55 жастағы британдық әйел ол медальдерін Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіп алған. Кеше қос жүлдесін біреулер көлігінен алып кетіпті.

"Бұл жай ғана медаль. Ақырзаман емес. Мен оны көргісі келгендердің бәріне көрсете беретінмін, әсіресе мектеп оқушыларына. Мен тапқан-таянғанын жастықтың астына жастанып немесе ешкімнің қолы жетпейтін жерге тығып қоятын жан емеспін. Мен оларды үнемі өзіммен алып жүріп, айналамдағыларға үлгі етіп көрсетіп жүрем", - деді Кук.

Кук — отставкадағы полиция офицері. 1998 жылдан бері ұмытшақтық дертіне шалдыққан. 2001 жылы мүгедек арбаға таңылған. Бұл жүлделерінен бөлек Куктің осыдан төрт жыл бұрын Лондонда өткен жарыста жеңіп алған тағы бір алтын медалі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу