Паралимпиада қарсаңында Токиода эпидемиологиялық жағдай ушығып кетті

683

Жазғы Паралимпиада 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Паралимпиада қарсаңында Токиода эпидемиологиялық жағдай ушығып кетті

"Токиода бір тәулік ішінде 4 989 жаңа жағдай анықталды. Коронавирусқа қатысты жағдай "бақылаудан шықты" дейді сарапшылар. Жапония билігі Денсаулық сақтау саласына құлдырау қаупі төніп тұр деп алаңдайды. Токиода 1 қыркүйекке дейін төтенше жағдай режимі қолданылады", - делінген хабарламада.

COVID-19 індеті Иранда тәулігіне 527 адамның өмірін қиды. Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың саны 96 742-ге жетті деп мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес соңғы 24 сағат ішінде COVID-19 жұқтырудың 39 119 жаңа жағдайы анықталған. 4 707 пациент ауруханаға жатқызылып, оның 7 154-і жан сақтау бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр. Үкімет сонымен бірге 14 445 642 ирандық коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды деп мәлімдеді.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу