Паралимпиада ойындары-2024: Бүгін Қазақстан спортшылары төрт спорт түрінен сайысқа түседі

465

Паралимпиада ойындарының алғашқы екі күнінде ел құрамасы қоржынына жүлде түскен жоқ.

Паралимпиада ойындары-2024: Бүгін Қазақстан спортшылары төрт спорт түрінен сайысқа түседі Фото: globallookpress.com

Бүгін Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар төрт сайыс түрінен сынған түседі. Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жарыс алаңына алдымен пара нысана көздеуден 12:30-да Еркін Ғаббасов жарыс жолына шықса, 15:00-де Севда Әлиева сайысқа түседі.

Ал, 13:08-де пара жеңіл атлетикада Гүлбақыт Қайыржанова ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ, пара таэкондодада 14:26-да Нұрлан Домбаев,14:48-де Нышан Өмірәлі жарысса, 17:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинамен кездеседі.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Еске салсақ, Қазақстан пара спортшылары бұған дейін Паралимпиада ойындарында 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды олжалаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу