Бразилия астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Паралимпиадалық ойындар жарысында жеңімпаз атанған спортшыларға Малайзия билігі ерекше сыйлық жасап отыр, деп хабарлайды muslim.kz.
Айтулы додада жеңіске жеткен төрт малайзиялық спортшы биылғы жылы кіші қажылыққа баратын болды.
"Бұл – біздің алғашқы қажылығымыз. Алла Тағаланың айрықша сыйы болды біз үшін", – дейді Паралимпиада ойындарында Т36 санатында 100 метрге жүгіруден Мохамад Ризван Пази есімді спортшы.
Айта кетейік, Малайзия мемлекеті бұған дейін Паралимпиада ойындарында жүлдеге еш ілінбей келген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу