Паралимпиада жеңімпазына 250 мың доллар берілді

654

Паралимпиада жеңімпазына 250 мың доллар берілді

Пхенчханда өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы шаңғышы Александр Колядинге ақшалай төлем берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шаңғы жарысы бойынша Александр Колядин  I орын иемденген болатын. Александр Герлиц 20 шақырым шаңғы жарысынан IV орын және биатлон ( 12,5шақырым) бойынша VI орындарды алды.

Сонымен қатар, шаңғы жарысы бойынша эстафетада  (4х2,5шақырым) Александр Колядин, Александр Герлиц, Петренко Денис VI орындардан көрінді.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша I орын үшін  250 мың АҚШ доллары,  IV, VI орындар –30 мың және 5 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай төлем берілді.

Айта кетейік, спортшылардың жаттықтырушыларына да дәл осындай қаржы көлемінде төлем төленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу