Паралимпиаданың ашылу салтанатында көк байрағымызды Ербол Хамитов ұстап шықты

895

Бейжің паралимпиадасында ел намысын 5 спортшы қорғайды.

Паралимпиаданың ашылу салтанатында көк байрағымызды Ербол Хамитов ұстап шықты

Бүгін Қытай астанасы Бейжіңде қысқы Паралимпиада басталды. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел намысын пара шаңғы мен биатлоннан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин мен Сергей Усольцевтер қорғайды.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталған ресми ашылу рәсімінде көк байрағымызды Ербол Хамитов ұстап шықты.

Биыл 13-рет өтетін қысқы ойындарға 50 мемлекеттен 700-ден астам спортшы барды.

Айта кетейік, Қазақстан спортшылары осы уақытқа дейін 7 қысқы паралимпиадаға қатысып, 1 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу