ХХІІ қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы Пхенчханға жетті, деп хабарлайды 24.kz.
Атлеттер спорттың екі түрінен, пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан бақ сынайтын болады. Ел намысын алты спортшы қорғаса, олардың жанында тағы бір спортшы гид жүреді.
Пхенчханға Қайрат Қанафин, оны қашықтықта сүйемелдейтін Антон Жданович, Александр Герлиц, Сергей Уссольцев, Денис Петренко, Александр Колядин және құрамадағы жалғыз қыз Жаңыл Балтабаева барды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу