Парамен ұсталған "Алматы тазалық" басшысы 81 млн теңге айыппұл төлейді

293

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Парамен ұсталған "Алматы тазалық" басшысы 81 млн теңге айыппұл төлейді Фото: canva.com

Алматы қаласы коммуналдық кәсіпорнының басшысы жемқорлық фактісі бойынша сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты "Алматы тазалық" ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен "Қала көркейту" ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық фактісі бойынша сотталды.

Тоқтасынов Алматы көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызмет шартын жасасқаны және орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған.

Сот үкімімен Тоқтасыновқа — 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа — 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу