Бүгін 2019 жылдың 18-ші маусым күні Бұқаралық ақпарат құралдарында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалы директоры жемқорлық фактісі бойынша ұсталды деген ақпарат жарияланды.
Осыған қатысты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі " "ҚазАвтоЖол" ҰК" акционерлік қоғамы төрағасының №208 бұйрығына сәйкес Омаров Ербол Бақтиярұлы 2019 жылғы 4 маусымнан бастап өз еркімен жұмыстан босатылған. Ол 2018 жылдың 03 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 04 маусымына дейін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры қызметін атқарды. Ал, Маңғыстау облыстық филиалының директоры лауазымына 2019 жылғы 11 маусымда Ануарбеков Айбек Аманбекұлы тағайындалды" деп түсініктеме берді.