Парамен ұсталған Павлодар әкімі орынбасарының ісі сотта қаралады

804

15 маусымда Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды.

Парамен ұсталған Павлодар әкімі орынбасарының ісі сотта қаралады Фото: ortcom.kz

Парамен ұсталған Павлодар әкімі орынбасарының ісі сотта қаралады. Қылмыстық істі облыс орталығының №2 сотында судья Әнуарбек Оспанов қарайды.

15 маусымда Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, ол жол жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қою үшін пара алған.

Ақшаны алғаннан кейін А.С. Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Арслан Қалияқбаров 2023 жылдың 16 қаңтарынан бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

2010 жылдан бастап Павлодар облысының атқарушы органдарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызмет еткен. 2021 жылдың тамыз айынан бастап, 2023 жылдың қаңтар айына дейін "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы болып қызмет атқарған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу