Парамен ұсталған Сәтбаев әкімінің ісі сотқа жетті

754

Бірінші сот отырысы 11 наурызға белгіленген. 

Парамен ұсталған Сәтбаев әкімінің ісі сотқа жетті Фото: Сәтбаев әкімдігі

Ақпан айының ортасында пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа берілді. Алғашқы сот отырысының күні белгіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шапағат Момынбайұлы Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен. 

Бірінші сот отырысы 11 наурызға белгіленген. 

Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірге ҚР ҚК-нің 366-абы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр. 

Бұл күні сот отырысында сонымен қатар қала басшысына пара берген адамға да қатысты іс қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу