Параны банк карточкасына аударуды талап еткен полицей жазаланды

1034

Тәртіп сақшысы қызметінен босатылып, полиция лейтенанты шенінен де айырылды. Оған қоса, жемқор сақшы 450 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Параны банк карточкасына аударуды талап еткен полицей жазаланды

Көлік жүргізушісінен параны банк карточкасына аударуды талап еткен полиция қызметкері жазаға тартылды, деп хабарлайды

Оқиға Қызылорда көшелерінің бірінде болған. Жәбірленушінің айтуынша, бір бағытпен жүруге арналған жол талабының белгісін байқамай, қаннен-қаперсіз келе жатқан. Сол уақытта соңынан келген полицей жол ережесін бұзғандығын айтып, автокөлігіне отырғызып алыпты. Ізінше жүргізу куәлігінен айырылмас үшін 30 мың теңгеге істі жылы жабуға болатынын айтқан. Алайда көлік иесінің тек 2 мың теңге беруге мүмкіндігі болған. Мұны мардымсыз көрген тәртіп сақшысы өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін беріп, банк карточкасы арқылы 7 мың теңге салуды міндеттепті. Оған көнбеген тұрғын Ұлттық бюроның облысық департаментіне арызданған. Соның негізінде сотталушының іс-әрекетіне жасырын тергеу шаралары жүргізілген. Кейін тәртіп сақшысы қызметінен босатылып, полиция лейтенанты шенінен де айырылды. Оған қоса, жемқор сақшы 450 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу